"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №8 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баламды қалай қорғаймын?

26.02.2018

Ата – аналар назарына

Баламды қалай қорғаймын?

Ғаламтор!

Ғаламтор… Кейде жақсы, кейде… жаман тор! Техниканың дамып кеткені сондай,

уақытымыздың көбі жанымызға жақын жандардың жанында емес, ғаламтордың алдында мониторға

телмірумен өтіп кететін күндеріміз болады. Ой-санасы, жеке пікірі қалыптасқан,

ерік-жігері мен таңдау мүмкіндігі бар адам болсақ та, дәл осы ғаламтор алдында дәрменсіздікт

анытып жатамыз. Біздің әрекетіміз осындай, ал ой-санасы қалыптаспаған, ақ пен

қараны ажырата лмайтынб алаларымыздың әрекеті қандай болмақ? Ақиқаты мен қоса жалған

ақпараты қатар жүретін ғаламтор балаларымызды жақсылыққа да, жамандыққа да

итермелеуі мүмкін. Ғаламтор бетінде әдемі өле білуді, ашығу арқылы арықтауды және

басқа жаман әдетке үйрететін сайттар қатары қаншама?! Сананы улайтын дұрыс емес

ақпараттар ой-пікірі қалыптаспаған баланың денсаулығына, жан дүниесіне,

тұлғалық дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жазба аталған жағдайлардан балаларымызды

қалай қорғай алатындығымыз жайлы болмақ.

Сақтансаң, сақтайды!

Жас ерекшелігіне қарай балаңызға беретін кеңестер де

әртүрлі болып келеді. Мәселен,7-8 жасар алығындағы бала ата-анасы отыруға рұқсат

етпейтін сайт немесе әлеуметтік желілерге кіруге тырысады. Олар аңғал, сенгіш болып

келеді, сол себепті ата-ана ғаламторды қолдану мүмкіндігін шектейтін немесе жұмыста

отырып үйде баласының ғаламторда не көріп, не оқып отырғанын бақылай алатын бағдарламаларды

қолдануы керек. Нәтижесінде бала өзінің үнемі бақылауда екенін түйсінеді.

Кеңес

Ғаламторға кірудің үй жағдайындағы ережелер тізімін жасаңыз және оныңорындалуын

талап етіңіз.

Балаңыздан компьютер алдында отырғанда уақыт режимін сақтауын талап етіңіз. Сіз

оны бақылағыңыз келгендіктен емес, оның қауіпсіздігі үшін уайымдайтындықтан қадағалайтындығыңызды

және оған қашан да көмектесуге әзір екендігіңізді көрсетіңіз.

Ғаламтор желісіне қосылған компьютер отбасы мүшелеріне ортақ бөлмеде,

ата-ананың бақылауында болуы керек.

Балаңыздың өзінің жеке электронды поштасы болмас үшін, отбасылық электронды пошта

ашып қойыңыз.

Балаңызға Сіздердің рұқсаттарыңызсыз музыка немесе басқа да бағдарламаларды жүктеп

алуға рұқсатетпеңіз.

Балаңызға әлеуметтік желілерде хабарлама алмасу функциясын қолдануға рұқсатетпеңіз.

Балаңыз шынайы өмірдегі достары туралы айтабастаса, одан ғаламтордағы достары туралы

да сұрап, хабардар болыпотырыңыз.

Балаңыз үлкендерге қатысты сұрақ қойса, жауап беруден жалтармаңыз. Өйткені ол Сіз

бере алмаған жауапты ғаламтор желісінен іздеуі мүмкін және іздеубарысында

«үлкендерге арналған» сайтқа тап болуы да ғажапемес.

9-12 жас аралығындағы бала ғаламтордан қандай ақпарарталуға болатынын біледі.

Олардың ән тыңдап, әлде не оқуға ниеттенуі де қалыпты жағдай. Ғаламтордағы ата-ана

бақылауы (Родительский контроль) арқылы керексіз материалдарды бұғаттаптастауға

болатынын естен шығармаңыз.

Кеңес

Жоғарыда жазылған кеңестер осы жастағы балаларға да қатысты. Қосымша: балаңызға

Ғаламтордағы кіруге болмайтын сайттар туралы және неге кіруге болмайтынын айтыңыз.

Электронды поштасының парольін беруін талап етіңіз және ол оның бейтаныс адамдармен

сөйлеспейтініне көз жеткізу үшін керек екендігін түсіндіріңіз.

Балаңызға Ғаламтордағы сайттардың бәрі бірдей жақсылыққа үндемейтінін, ақ пен

қараны ажырата білуді үйрену керек екендігін түсіндіріңіз.

13-17 жас аралығындағы бала белсенді түрде іздеу тетігін басып, электронды

поштаны қолданады және достарымен өзара хабарлама алмасып, компьютеріне музыка

мен фильмдер жүктейді. Ұлдар барлық шектеудің шекарасын бұзып, Ғаламтордағы құмар

ойындарына қызығып, «үлкендерге арналған» сайттарды қарағанды жақсы көреді. Бұл

жастағы балаларды бақылау ата-ана үшін қиынға соғады, себебі балалары Ғаламтордың

қыр-сырын ата-аналарынан да жақсы білуі мүмкін.

Кеңес

Жоғарыда жазылған кеңестер осы жастағы балалардың ата-аналарына да қатысты.  Қосымша: балаңыз қандай сайт пен әлеуметтік желіде көбірек отыратынын білуіңіз керек және олар көп отыратын сайт пен әлеуметтік желілерді жақсылап зерттеңіз.

Просмотров: 503


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст