Текст
2024 жылғы 13 ақпанда Атбасар қаласының орталық аудандық балалар кітапханасында "Сарбаздың интернационалдық борышы"тақырыбында батылдық сағаты өтті. Оған №8 жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.Іс-шара барысында тарихи өткенге , соғыс трагедиясына үндеу болды. Кітапханаға ауған жауынгерлері В.Х. Хапиев, К. И. Маекеев шақырылды. іс –шараның мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында патриотизм сезімін тәрбиелеу, Отанымыздың тарихи өткенін білу.