11.12.2025
Бүгін жаратылыстану ғылымдарының онкүндігі аясында 8-сынып оқушылары арасында: “Жаңа өркениет: Бункер” ойыны өтті
Бүгінгі ойын шынайы стратегиялық шайқасқа айналды. Оқушылар апаттан кейінгі әлемде өмір сүру үшін өз қабілеттерін дәлелдеп, бункерде қалуға лайық екенін қорғады.
Ойын барысында қатысушылар өздеріне берілген каточкаларға байланысты:
🔹 мінез-құлық пен мамандықты талдап
🔹 қауіпті жағдайдан шығу жолдарын тауып
🔹 ресурстарды ақылмен бөліп
🔹 команданы сендіру және өз рөлін қорғады.
Барлық кезеңнен сүрінбей өткен 8 қатысушы “тірі қалғандар” ретінде финалға жетті.
🌟 Олар тактика, логика және көшбасшылықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Ойын оқушыларды бір-бірін тыңдауға, дәлелдеуге, дәл шешім қабылдауға үйретті.
Эмоцияға толы, тартысты және өте қызықты күн болды! 🛡️🌍
Биология пәні мұғалімі: Сасаева А.Ф
