6-7 желтоқсан аралығында тірек орталығының оқушыларымен «Біріктіру» тақырыбында тренинг жүргізілді.
Тренингтің мақсаты: жұп құру және жұптық жұмысты тиімді ұйымдастыру.
Өту барысы: тренингке 9,10,11 сынып оқушылары қатысты. Тренинтің басын қызықты таныстырудан бастадық, әрбір қатысушы өзіне ұнайтын есім тандап, онын мән – мағынасын түсіндірді. Таныстырудан кейінгі жаттығулар оларды жұптасып жұмыс істеуге итермелейтін жаттығулар легіне жалғасты. Әр жаттығудың соңында жүргізілген ойын жайлы сұрақтар қою арқылы балалардың ойы ортаға салынды. Тренингтің соңында реласксация жүргізілді. Релаксация өткізу барысында оқушылар бүгінгі күннің нәтежесін қорытындылап, әр қатысушы бір-біріне тілектерін жеткізді.