Текст
Мектепке дейінгі мекемелердің онкүндігі аясында даярлық тобында Сауат ашу пәнінен "Кк" дыбысы мен әрпі тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабаққа мектебіміздің директоры және мұғалімдер қатысты. Сабақта "Кк" дыбысына байланысты әр түрлі көрнекілік құралдармен буын сөздерді пайдаландым. Оқушылардың барлығы жақсы қатысып отырды. Мен сабақ беру барысында өз мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Келген ұстаздар сабақты талдау барысында сабақ қызықты, тәрбиелі, тартымды өтті деп бағалады.