Халықтың
АКТ-сауаттылығын арттыру
2018 жылғы 16 сәуірден 20 мамырға дейін Қазақстан 14 әлем елінің қатысушыларымен бірге ICILS-2018 (International Computer and Information Literacy Study) Компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты халықаралық зерттеуге алғаш рет қатысады. Қазақстанның зерттеуге қатысуы 8-сынып оқушыларының ақпарат заманында ІТ-дағдыларының тәуелсіз халықаралық бағасын алуға, Қазақстанда ІТ-білім беруді ілгерілету бойынша ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде халықтың АКТ-сауаттылығының артуын қамтамасыз етеді. №8 орта мектебі осы жобаның алғашқы қатысушыларының бірі болғалы отыр. Мектеп ұстаздары ағымды жылғы қаңтар айының 24 күні жиналыс өткізіп, бағдарламамен танысты. Жобаны іске асыру үшін ұстаздар оқушылар мен ата-аналарды хабардар етіп, жоспар бойынша қосымша сабақтар жүргізіп, дайындық жасауды бастап кетті.