Текст
07.02.2018 жылы математика пәні мұғалімдерінің « Математика пәнін деңгейлеп оқыту –оқушыны шығармашылыққа бағыттаудың негізгі жолы» тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинарға әр мектептердің математика пәні мұғалімдері қатысты. Математика пәні мұғалімі Тулебаева А.Ш. 5 «А» сынып оқушыларымен « Ондық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Акерке Шагановна сыныптан тыс "Жас математик" сайысын өткізді. Сайысқа 5 «А,Ә» сыныптары белсенді қатысты.