Ақпан айының 13-і күні 8-11 сынып оқушылары арасында мектепішілік «Тіл дарыны - 2018» байқауы өтті. 8-11 сынып оқушылыры арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында мектебімізде өткізіп отырған байқаудың негізгі мақсаты мен міндеттері: үш тілді–қазақ , орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушыларды қолдау, олардың тіл меңгеру деңгейлерін анықтау. Үштілдікті насихаттау;
-Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру,оқушылардың тіл меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыру,ынталандыру.бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Мектепішілік байқау ақпан айының 13-і күні сағат 15.00 басталды. Дарынды оқушыларды іріктеу рәсімі аудан әдістеме
бірлестігінің жіберген бағалау критериилері арқалы өткізілді. Байқау ережесі бойынша бір оқушы 12 тапсырмаға жауап беру арқылы білім деңгейін көрсетіп аудандық байқауға жолдама алады.