«Тіл- тірегім, соғып тұрған жүрегім!»
Мектебімізде 5- 18 қыркүйек аралығында тілдер апталығы қарсаңында көптеген іс-шаралар жүргізілді. Осы орайда әр сыныпқа қабырға газетін жасау жоспарланған. Бастауыш сыныптар бірлестігі қабырға газетін жасадық. Сонымен қатар, бастауыш сынып оқушылары арасында «Тіл- тірегім, соғып тұрған жүрегім!» атты мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды. Сайыс 3 кезең бойынша жүрілді. Бірінші кезеңде мемлекеттік тіліміз –туған тіліміз аясында Кемерова У. Е оқушылармен әңгімелесті. Екінші кезеңде мәнерлеп оқудан барлық сынып оқушылары белсенділікпен қатысып, өз өнерлерін ортаға салды . Үшінші кезеңде мақал –мәтел жарысы болып көрермендер
арасынан жеңімпаздар шығып, тәтті сыйлықтарға ие болды. Мәнерлеп оқу сайысысында 3 «А» сынып оқушылары Төлеу Диас және Азамат Мадина – 1 орын иеленді. Ал 2-орынды 4 «Ә» сынып оқушысы Асаубай Шыңғысхан және 3 «А» сынып оқушысы Қанат Дильназ иеленсе , 3-орынды Жақсыбаева Айгерім иеленді. Сонымен қатар Кемерова У.Е және шәкірті Иманәлі Мухамеджанның орындауында ән-шашумен сайысысымыз аяқталды.