Елімізде әр жыл сайын қыркүйек айында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесін тойлау басталады. Ол ең алдымен тілге, сол арқылы мәдениет пен өнерге көрсетілуге тиіс ілтипаттың бір өнегесі.
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 бұйрығы бойынша 5 қырк.йек , қазақ тілінің негізін қалауңа үлкен үлес қосқан , "Алаш" партиясының белгілі мүшесі , қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні- Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді.Сондықтан да биылғы мерекені тойлау №8 орта мектепте де қыркүйек айының 5-нен басталып, 18- де аяқталмақ .Осы аралықта тіл мамандары мектебімізде біраз қызықты іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр. Қыркүйек айының 5-і күні мектебімізде Қ.Р.- ның халықтарының тілдер күніне арналған онкүндіктің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шара 11 сыныптың оқушысы Тасбулатова Арунаның "Армысыздар өрліде , асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!" деген жалынды сөздерімен басталды, сосын сөз кезегі мектеп директоры Смагулова Р.Н-ға беріліп, соңы ән-күймен аяқталды.