"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №8 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Алтын күн" алаңқайының көңілді күндері!!!

16.08.2018

«Алтын күн» алаңқайындағы қызықты күндер!

Жаз жайнатып, күн күлдіріп, біз лагерьге барамыз, - деп оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерьлерге баруға асығады. Жайраңдаған жаздың қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктері балалардың осындай жазғы демалыс лагерінен бастау алары сөзсіз. Біздің   «Мектеп жанындағы  интернатымен №8 орта мектебі»   «Алтынкүн » алаңқайы жазғы балалар демалысын ұйымдастыру аясында «Шебер балақайлар» бағытындағы  5 мауысымын 30- шілдеден 10- тамыз  аралығында Асанбаев С.Қ және  А. Тилегеннің жетекшілігімен атқарды. Алаңқайға келген демалушыларды күнделікті қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, іс-шаралар жүргізілді. «Бала күлкіге тоймас» дегендей балалар көңілді демалып, жанын әнге, сылдыр күлкіге тойдырып әртүрлі іс-шаралар мен спорттық ойындар өткізіп,  шахмат жарыстары, тақырып бойынша тапқырлық, сөз жұмбақ сайыстары ұйымдастырылып тұрды.Бір мезгіл балдырғандар сурет салып, тақпақ жаттап, ән салады. Күнде жоспар бойынша таңертеңгілік жаттығулар, ертеңгіліктер, сайыстар өткізілді.Тәрбиешілер әр күнге белгіленген түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырып,балғындардың демалысы қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш жігерлерін,өнерлерін аямай жұмсады. «Көңілді старт», «Лагерь аруы», «ХХІ ғасыр көшбасшысы»интелектуалдық сайыстарына оқушылар қызығушылықпен қатысады. Әдеп туралы әңгіме, әсемдік жайлы мақал-мәтелдер жарыстары көңілді өтті.Сонымен қатар аудандық Тарихи мұражайы, Ілияс Есенберлин атындағы мұражай, Аудандық Ілияс Есенберлин атындағы кітапханаларға саяхат жасады, табиғат аясында демалды. Осындай қызықты сәттермен жүріп  алаңқайдың аяқталуын да байқамай қалды.Алаңқайдың жабылу қарсаңында оқушылардың өздерінің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара жүргізілді. Шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп, мерекені қыздыра түсті. Балақайларды марапаттау сәтімен қатар тәтті торт  та болды. Осындай сәтте балақайлардың  көңілді демалғандығы жүздерінен көрініп тұрды. Осылайша «Алтын күн» алаңқайының әр күні мәнді де, сәнді өтті және оқушылар көңілінен шықты.

                                                               5маусым алаңқай басшысы А. Тилеген

Просмотров: 624


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст