Текст
Мектебімізде 26 мамырдан бастап білім берудегі олқылықтың орнын толтыруға, сондай-ақ балалардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін жазғы мектеп ұйымдастырылып жатыр.
Жазғы мектепке ниет білдірген барлық бала қатысып жатыр.Әсіресе,үлгерімі төмен балаларға басты назар аударылды.
Бүгін, математика пәнінен 5 сынып оқушыларымен жұмыс жүргізілді. Балаларға жазғы мектепті ойын түрінде жүргізуге тырысамын. Ойынмен өткен сабақ қызықты өтіп тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы, ынтасы арта түседі.
Математика пәні мұғалімі-Н.Бақытжан