Текст
16.03.2021
«Дискаверий» санаторийіне 3 күндік демалыстың жолдамасы
Мен, Атбасар ауданы №8 орта мектебінің мұғалімі Қазымбек Индира Қуанышбайқызы, «8-наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында, аудандық білім бөлімі және кәсіподағы тарапынан Бурабай өңіріндегі «Дискаверий» санаторийіне 3 күндік демалыстың...
15.03.2021
"Атбасар қаласы №8 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-нің шағын орталығы мен мектеп даярлық сыныбының онкүндігінің ашылуы өтті. Тақырыбы: "Гүлдене бер Қазақстаным!" Мақсаты: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстарды, өсімдіктер мен жануарлардағы өзгерістерді бақылап ажырата білуге үйрету, үлкендердің еңбегін бақылау арқылы еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.Өткізгендер: шағын орталық тәрбиешілері- Нуржанова Л. Мусина Г.И. Мектеп даярлық сыныбының тәрбиешісі- Иманбаева А. А.
Мақсаты: Көктем мезгіліндегі табиғи құбылыстарды, өсімдіктер мен жануарлардағы өзгерістерді бақылап ажырата білуге үйрету, үлкендердің еңбегін бақылау арқылы еңбексүйгіштікке, табиғатты қорғауға, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
15.03.2021
Әділдік дүкені
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-нің мектеп асханасы 9 наурыздан өз жұмысын бастады. Сонымен бірге “Әділдік дүкені” өз жұмысын жалғастыруда.
«Әділдік дүкені» мақсаты:
- оқушылардың бойында адамгершілік, парасаттылық қасиетті,...
09.03.2021
мектеп ұжымы 5 наурыз күні Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында қалыптасқан дәстүрменен ардагер ұстаздарды құттықтады
"№8 жалпы орта білім беретін мектебі” КММ-нің мектеп ұжымы 5 наурыз күні Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында қалыптасқан дәстүрменен ардагер ұстаздарды құттықтады.
Әр нәзіктік атаулыға сыйлықтар табысталды. Құттықтау лебізін таныту құрметті...
09.03.2021
Жақсы адам туралы жақсы сөздер
Жақсы адам туралы жақсы сөздер.
Мереке қарсаңында мен бір керемет адам туралы сөйлескім келеді. 1993 жыл, n146 мектебінің табалдырығын жаңа бухгалтер Ломако Надежда Ивановна аттады, ол өзін өз міндеттерін жауапкершілікпен орындаған адал қызметкер ретінде көрсетті. Оның...
09.03.2021
Ұстаздарға құттықтау: Гүлжахан Құсайынқызы
Ескеева Гүлжахан Кусаиновна - 1960 жылы 13 қазанда Ақмола облысы, Қима ауданы,Тайпақ ауылында туған.
1977-1980 жылдар Қима ауданы «Дала таңы» газетінің редакциясы,секретарь.
1980-1983 жылдар Арқалық педагогикалық училищесі,бастауыш сынып мұғалімі.
1983-1998 жылдар ...
09.03.2021
5 “Ә” сынып оқушылары І.Есенберлиннің әдеби музейіне барды
№8 жалпы орта білім беретін мектебінің “Отбасы” клубының жоспарына сәйкес 5 “Ә” сынып оқушылары І.Есенберлиннің әдеби музейіне барды. Оқушылар жазушының өмірбаянымен,шығармашылығымен танысты. І.Есенберлиннің суреттерін, пайдаланған заттарын көрді.
02.03.2021
2 наурыз күні, Атбасар қаласының #8 жалпы орта мектебінде Абдуллина Дана Муратбековна 1 “А” сыныбында “ABC” тақырыбына сыныптан тыс іс-шара өткізді. Оқушылар белсенді қатысты. Оқушылар ағылшын тілінде ән айтуды ұнатады, сабақта “ABC” әнің салды. Темиргалиева Мадина “Hello, hello” әнің айтты. Жаңа сөздермен танысып, сәйкестендіру тапсырмасын жақсы орындады. Балаларға сабақ керемет ұнады.
On March 2nd, Abdullina Dana Muratbekovna held an extracurricular activity on "ABC" in 1 "A" class at the secondary school # 8 in Atbasar. Students took an active part. Pupils love to sing in English, they sang "ABC" in class. Temirgalieva Madina sang the song "Hello, hello". Acquainted with new words and performed the identification task well. The children really enjoyed the lesson.
27.02.2021
"№8 жалпы білім беретін мектебі" КММ-нің шағын орталық балаларымен «Мамандықтың бәрі жақсы!» атты сабақ өткізілді. Тәрбиешілері: Л. Нуржанова. Г. Мусина
Мақсаты:
1. Балаларға күнделікті кезігетін мамандық иелері туралы мағлұмат беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру. Кәсіби бағдар беру.
Сюжетті - рөлді ойындарды пайдалану арқылы әр мамандықтың қыр - сырын ашу.
«Мен өскенде кім боламын?» деген сұраққа...
27.02.2021
Мен #8 жалпы орта мектептің 9 “А” сынып оқушысымын Бисарина Айганым. Маған ағылшын тілі пәнінен ашық сабағы өте ұнады. Бұл сабақта біз 1-дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысы туралы ой қозғадық.Осының арқасында мен австралиялықтардың соғыста қаза тапқандарды еске алу күнін қалай атап өтетінін білдім, олар бұл күнді 11 қарашада атап өтетіндігі және соғыста қайтыс болғандар адамдардың құрметіне 2 минуттық үнсіздік өткізеді .
Сонымен қатар, Шолпан Аманбековна қамтылған бейнероликтің арқасында мен үшін сабақта үйренген сөздерді оқып, айту оңайырақ болды. Осы сабақтың арқасында мен үшін ағылшын тілін үйрену одан да қызықты болды. Неге десеңіз, сабақ біз үшін әдеттен тыс форматта өтті,...