Қазіргі әлемде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі жұмыс үздіксіз жүргізілуде және үнемі жетілдірілуде. Әлемде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тетіктерінің барлық елдер үшін оңтайлы бірегей жиынтығы жоқ. Әрбір ел қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі әдістер жиынтығының ерекшелігі бірегей және тек саяси және экономикалық тұрақтылыққа ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып пен дәстүрге, діни ерекшеліктер мен құқықтық мәдениет деңгейіне, сондай-ақ алып отырған аумақтың ауданына, тығыздығына, халық санына да байланысты.
Экономиканы жаңғырту және ауқымды әлеуметтік өзгерістер жағдайында Қазақстанда мемлекеттің қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланыстырылған тұтастай сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияға қажеттілік барынша айқын болды.
Осыған байланысты, 2014 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.
Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне "Мүлдем төзбеушілік" ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.
Стратегияда айқындалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың түйінді бағыттары:
Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
қоғамдық бақылау институтын енгізу;мемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Осы бағыттар шеңберінде "Сыбайлас жемқорлық" ұғымын қайта қарауға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың аражігін нақты ажыратуға, азаматтық бақылау жүйесін құруға және мемлекеттің тыныс-тіршілігіне енгізуге, азаматтардың жария ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қоғамдық бақылау туралы", "Жария ақпаратқа қол жеткізу туралы" жаңа заңдар әзірленіп, қабылданды.