Текст
7 мамыр-Отан қорғаушылар күні қарсаңында бастауыш сынып мұғалімі Асанбаев Сейфолла Кайыржанович және мектебіміздің қызметкері Жакыбаев Мурат Советовичті білім беру жүйесіндегі адал жұмыс атқарғаны және кәсіби қызметте қол жеткізген нәтижелері үшін Білім бөлімінің басшысы Н.Наймушина ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапаттады. Мектеп ұжымы барша ерлер қауымын 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз.Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.