Текст
№8 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-11 сыныптарда 20-31 наурыз аралығындағы жалпыреспубликалық “Адалдық сағаты” акциясы аясында “Қазыбек би мұрасындағы парасаттылық қағидаттары” тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Балалар Қазыбек би Келдібекұлының өмірбаянымен танысты.
Қазыбек би үшін адамгершілік ең жоғарғы адами құндылық ретінде бірінші орында тұрды. Ол өз заманында білімді де жетелі, халықтың салт-дәстүрі мен ауыз-әдебиетін мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болған.