«Мектеп жанындағы интернатымен №8 орта мектебі» КММ
2019-2020 оқу жылының 11-15 қараша аралығында өткізілген тарих пәні апталғының есебі
11 қазанда мектебімізде тарих апталығы салтанатты жиыннан басталды. Апталығының ашылуы рәсімінде тарихты білудің маңызына тоқталған мазмұнды баяндамалар, патриоттық өлеңдер оқылды.
12 қараша күні 7 «А» сыныпта «Балалар құқықтары туралы конвенция » атты тақырыпта сынып тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сынып сабақта оқушылар бала құқықтары туралы оқулықтан, белсенді тақтадан тыс қызықты материалдармен танысты. Сабақты жүргізген тарих пәнінің мұғалімі Немеренко Залина Бекхановна.
12қараша күні «Қылмыстық және жауапкершілік» атты интеллектуалдық жарыс өтті. Жарысқа 9 А сыныптың оқушылары қатысты. Жарыс өте тартысты және әр түрлі логикалық тапсырмалар көп болды. Жеңген топ арнайы сыйлыққа ие болды. Жарыс өткізген тарих пәнінің мұғалімі Турлыбекова жұлдыз Кудыретуллаевна.
13 қараша күні 10-сыныпта тарих сабағынан «Адамның шығу тегі» туралы өте жоғары деңгейде өтті. Сабақты өткізген тарих пәнінің мұғалімі Турлыбекова Жұлдыз Құдыретуллаевна.
18 қараша күні «Не? Қашан ?Қайда?» «Менің мектебімнің тарихы» тақырыбына тарих пәнінің мұғалімі Немеренко Залина Бекхановна мектеп басшылардың арасында (9-11 сыныптар)сыныптан тыс іс-шара өткізілді.
Мектеп басшылырына қарсы мектеп мұғалімдер ойнады. Барлығы сұрақтар мектебіміздің тарихынан алынған. Балалар «қара қорап» да ашып көрген. Музыкалық үзілісте 9 «А» сыныптың оқушысы Жабай Жанбота балаларға күй орындады. Ойын жоғары деңгейде өтті. Соңғы кезінде мектебінің оқу ісінің меңгерушісі Хабай Маржангүл оқушыларды жеңіспен құттықтады.
Қорытынды кеште жеңіске жеткен сыныптар мен жеке оқушылар мадақтамалар мен шағын сыйлықтарға ие болды.