Текст
2025 жылдың 17 сәуірі күні дүниежүзілік аутизм туралы ақпараттандыру күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектебіміздің әлеуметтік педагогы Амренова К.К. 1-11-сынып оқушылары мен ата-аналарына “Аутизм” тақырыбында видеоролик дайындап, таратты. Мақсаты: оқушылар мен ата-аналарға аутизм туралы жан-жақты ақпарат беру, аутизммен өмір сүретін балаларға деген түсіністік пен қолдауды арттыру, инклюзивті білім берудің маңыздылығын насихаттау және қоғамда толерантты көзқарас қалыптастыру.