«АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ
МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ИНТЕРНАТЫМЕН №8 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «СРЕДНЯЯ ШКОЛА №8 С ПРИШКОЛЬНЫМ ИНТЕРНАТОМ ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ АТБАСАРСКОГО РАЙОНА
Бұйрық №01-04/76
14.03.2020 жыл
Пандемия кезеңінде
мектепте, интернатта, мектеп жанындығы шағын орталықта
COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында шараларды күшейту туралы
Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – коронавирустық инфекция) таралуын алдын алу үшін Білім және ғылым министірінің 2020 жылғы 14 наурыздағы №108 бұйрығының, 2020 ж 14 наурыздағы Ақмола облысы білім басқармасының №66 бұйрығы, Атбасар ауданы білім бөлімінің 2020жылғы 14 наурыздағы №02-03/150 бұйрығының негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1).Пән мұғалімдері ІІІ тоқсанның қорытындысын 16 науырызға дейін шығарсын,күнделік.kz уақытында толтырсын. «2019-2020 жылдың үшінші тоқсанды ұйымдаса бітіру әдістемелік ұсынысына» сай үшінші тоқсанды аяқтасын (1 қосымша)
2).Сынып жетекшілері ата-аналарға қорытынды туралы мәліметті жеткізсін
1) мектеп, интернат, шағын орталықтың тынысы мен қызметін қамтамасыз ететін қызметкерлерді (әкімшілік, техникалық қызметкер);
2) шеттетілген режимде қашықтық технологияларының негізінде білім беру, оқу-тәрбие процесін қамтамасыз ету бойынша еңбек қызметін іске асыратын қызметкерлерді;
Мектеп директоры: Р.Смагулова
«Мектеп жанындағы интернатымен №8 орта мектебі»КММ басшысының
2020 жылғы «14» наурыздағы
№ 01-04/76 бұйрығына
1 - қосымша
2019-2020 оқу жылының үшінші тоқсанының
аяқталуын ұйымдастыру туралынұсқаулық
Орта білім беру ұйымдарында 2020 жылғы 16 наурыз-5 сәуір аралығында көктемгі каникул жариялануына байланысты меншік түріне қарамастан:
1. 2020 жылғы 12 наурыздан 14 наурызға дейін үшінші тоқсанға ТЖБ ұйымдастыру және өткізу.
2. БЖБ өткізілмеген жағдайда тек қана ТЖБ өткізуге болады.
3. ТЖБ және БЖБ тапсырмалары жиынтық бағалау өткізу барысында өтілмеген тақырыптарды қамтымауы тиіс.
4. Бір күнде үшеуден артық ТЖБ, БЖБ өткізілмеуі тиіс. Үлгілік оқу жоспарына байланысты үшінші тоқсанда ТЖБ саны:
1-сыныптар – 4.
2-сыныптар – 5.
3-сыныптар – 6.
4-сыныптар – 6.
5, 6-сыныптар – 7.
8, 9-сыныптар – 11.
10-11-сыныптар – 10.
5. Білім алушыларға қосымша жүктеменің болуына жол бермеу.
6. Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы сабаққа қатыспаған білім алушылар үшін ТЖБ жеке график бойынша 4-тоқсанның басында ҚР БҒМ 26.11.2019 жылғы №509 бұйрығына сәйкес жүргізіледі, содан кейін тоқсандық баға қойылады.
7. 2020 жылдың 14 наурызына (қоса алғанда) дейін үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша бағалардың қойылуын қамтамасыз ету.
8. Қажет болған жағдайда білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын сенбі күндері өткізу қажет (2020 жылғы 14 наурыз).
9. Білім алушыларды каникулдық кезеңде инварианттық компоненттегі «Дене шынықтыру», «Көркем еңбек», «Өзін-өзі тану», «Музыка», «Графика және жобалау», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәндерінен басқа барлық пәндер бойынша үшінші тоқсанның соңы мен төртінші тоқсанның басында меңгерілмеген мақсаттар бойынша оқу тапсырмалары материалдарын беру ұсынылады.
10. Педагог 16 наурыздан 20 наурызға және 3 сәуірден 5 сәуірге дейін өтілмеген материалдар бойынша оқыту мақсаттары, қысқа тезистік конспект, оқулықтар мен электрондық ресурстарға сілтемелер, сонымен бірге оқу тапсырмалары берілген сабақ жоспарын дайындайды.
11. Каникул уақытында педагогтар мен ата-аналардың «Күнделік», «Білім ал», «Мектеп KZ» электрондық журналдарына қол жетімділігін қамтамасыз ету қажет.
12. Педагогтерге өтілмеген оқу мақсаттары бойынша тапсырмалардың орындалуы туралы оқушылар мен мен ата-аналармен электрондық журналда және онлайн режимде міндетті кері байланыс орнату керек.
13. Қолжетімді ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (электронды журнал, скайп, теле-сабақтар, google.сlassroom, moоdlе, zoom, электронды пошта, watsap чаттар, opik.kz, телеграмм және т.б.) қолдануды ұсыну;
14. Тек ресми ақпаратқа сүйеніп жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша білім алдушылар үшін ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту.
15. 3-тоқсандағы каникул күндерінің басталу күнін өзгерту мақсатында электронды журналдакелесі қадамдық әрекеттерді орындау қажет:
Қадам-1. 16-20 наурыз аралығында БАРЛЫҚ сыныптар бойынша сабақ кестесін жою.
Кесте сұлбасын жариялағаннан кейін сабақ мәліметтерімен жұмыс (қосу, өңдеу және жою) есептік кезеңнің торында тікелей жүргізіледі.
Назар аударыңыз: Кестені тазарту рәсімі оның сабақтарымен барлық байланысты мәліметтерін жоюын көздейді: ол - сабақ туралы жалпы ақпарат, бағалар, сабаққа қатысу туралы белгілер, үй тапсырмалар және сабаққа жазылған пікірлер.
Кестені бір апта ішінде немесе барлық есептік кезеңде тазалау мүмкіндігі бар. Ол үшін:
«Білім»
Ескерту:Кестенітазалау тек таңдалғанаптаүшінжүзегеасырылады.
Ағымдағыпарольдіенгізіп, «Тазарту» батырмасын басу қажет.
2-Қадам.Есептікезеңдегі үшінші тоқсанныңаяқталу күнінөзгерту.
Бұлүшінқажет:
* «Білім»
* мектептібасқаруғаөту
* «Есептік кезеңдерге» өту
* тиісті есептік кезеңді таңдау
* 3-тоқсанның аяқталу күнін көрсету: 13.03.2020
3-Қадам. Сабақ тақырыбын біріктіру/құрастыру.
көктемгі - 13 күн (2020 жылғы 21 наурыз - 2 сәуірді қоса алғанда);
1-сыныптарда: қосымша каникул - 7 күн
(2020 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).
Ескерту! Мектепалды даярлық сыныптарында:
күзгі каникул - 7 күн (2019 жылғы 28 қазан - 3 қарашаны қоса алғанда),
қысқы - 14 күн (2019 жылғы 27 желтоқсан - 2020 жылғы 9 қаңтардықоса алғанда),
көктемгі - 15 күн (2020 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
қосымша каникул - 7 күн (2020 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда) белгіленеді.
Сабақтардың өткізу мерзімі мереке күндерімен, ауа-райына байланысты актіленген күндермен, карантин жариялануына байланысты сәйкес келген жағдайда, тақырыбын/оқу мақсаттарын оқу пәні бойынша жақын/ұқсас тақырыптармен/оқу мақсаттарымен біріктіріп/кіріктіру арқылы, сол күндерге дейін немесе кейінгі күндерде аздаған сағат санымен оқыту қажет. Бұл ретте қосымша сағат қарастырылмайды. Біріктірілген сабақтардың тақырыптары журналда бір жолға жазылады. Бұл жағдайлар мұғалімдердің еңбекақысына әсер етпейді, оқу сағаттары орындалған болып есептеледі.
Жеңіл оқу мақсаттарын шығару ұсынылады, жазба жұмыстарын жоспарлауға болмайды. Білім беру ұйымы басшысының бұйрығының негізінде бұл өзгерістер электронды журналдардың техникалық қолдау қызметі арқылы жүзеге асады.
Жүйеде сабақ тақырыптарын топтастыруды жүзеге асыру үшін:
* «Күнтізбелік жоспарлау» бөлімін ашу;
* 2 тақырып өтетін күнге басу (1-тақырып негізгі, 2-тақырып тоқсанның қысқаруына байланысты өтілмегені);
* келесі нұсқалардың бірінде екі тақырыпты көрсету:
1). «Тақырып-1. / Тақырыбы-2».
2). «Тақырып-1. Тақырыбы - 2 (бұйрықнөмірі)».
Ескерту:егерсыныпта КТЖжарияланса, онда оны жариялауданалып, сабақтақырыбын«қарындашты» басу арқылыөңдеуұсынылады.
Барлық өзгерістерді енгізгеннен кейін КТЖ қайта жариялануы тиіс және оны кесте бойынша бөлу қажет.
Назар аударыңыз! Үй тапсырмаларымен де рәсімдеу осылайша жүзеге асырылады.
Результаты согласования
14.03.2020 10:57:54: Мелдебекова М. Т. (Департамент дошкольного и среднего образования) - - cогласовано без замечаний
14.03.2020 10:59:45: Дауленов М. М. (Руководство) - - cогласовано без замечаний
14.03.2020 11:04:23: Байжанов Н. А. ( Департамент юридической службы) - - cогласовано без замечаний