"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №8 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акция

23.09.2020

2020  жылдың 10 тамыз айынан бастап қыркүйектің 25  дейін «Қауіпсіз мектеп ортасы» республикалық акция өтті.

Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес қатысушы мемлекеттер баланың әл-ауқаты үшін қажетті қорғауды және қамқорлықты қамтамасыз етуге міндеттенеді және осы мақсатты жүзеге асыру барысында  тиісті шараларды өткізілуде.

Пандемия кезеңінде қауіпсіз білім беру ортасын құру, балаларға және балалар арасындағы құқыққа қарсы әрекеттерден балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін санитарлық-эпидемиялық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Соңғы уақытта оқу орындары мен олардың аумақтарында немесе олардың тікелей маңында орын алған құқық бұзушылықтар, жарақат алу ерекше қауіп тудыруда.

Бүгінгі таңда балалардың қауіпсіздігі төтенше жағдайлардың алдын алуға негізделген-бірінші кезектегі міндет.

Акция барысында «Қауіпсіз балалық шақ» атты сурет байқауы өтті. Байқауға 42 бала қатысып, 8 «А» сынып оқушылары І орынға Жақып Әділет, ІІ орынға Аскарова Сабина, ІІІ орынға Серикова Анель ие болды.

4 «Ә» сынып жетекшісі Бейсебаева Г.Е. «Бағдаршам біздің досымыз» атты онлайн түсіндірмелі жұмыстарын өткізіп, челлендж жасады. Оқушылар бағдаршам туралы тақпақтар оқып, видеоролик түсірді.

Мектеп хореографы Лосева Т.Н. оқушылармен онлайн-флешмоб өткізді. Флешмобка 30 бала қатысып, белсенділік танытты.

Акшулаков А.Ж. АӘД мұғалімі оқушылар арасында Жас жол инспекторларына арналған «Қауіпсіз жол»  атты викторинаны өткізді. Оқушылар, қашықтықтан, жол ережелері жайлы сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар 0-11 сынып жетекшілері оқушыларының  ата-аналарына арналған жаднамаларды «WhatsApp» желісі арқылы таныстырып жіберді.

0-4 сынып жетекшілері «Балақай - жолда абай бол!» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. 5-11 сынып жетекшілері оқушыларды «Жолда абай бол!» атты қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерімен таныстырды.

  

Просмотров: 586


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст