23.02.2017
Мектеп бітіруші түлектерге кеңес
Құрметті түлектер! Сіздерге психологиялық ұсынымдар берместен бұрын, ҰБТ-ны өз мек-тептеріңце тапсырмаған күнде де, сіздерді ізгі тілектегі педагогтер қарсы алатынын атап өту қажет, әрқайсыңцы жұмыс істейтін орын мен барлық қажетті матеиалдармен қамтамасыз етеді, бүкіл ұйымдастыру жағындағы сұрақтарға солардан жауап ала аласыздар. Тестілеуге даярлық кезінде ұсынымдармен танысыңыз, мүмкін олар өз іс-әрекетіңізді шын мәнінде оңтайлы ұйымдастыруға жәрдемдесер. Қажет болған жағдайда мектеп психологына жүгініңіз - оның өзіндік үйлесімді реттеудің нақты әдістерін, амалдары мен тәсілдерін, өз көңіл-күй жағдайыңцы басқара білудің психологиялық жаттығуларын меңгеруге көмегі тиеді; үнемі психологиялық сабақтарға барып тұрыңыз. Нөгізгі кезеңдерді бөліп көрсету керөк:
- ҰБТ-ға даярлық, оқу материалдарын ҰБТ алдында зерделеу.
- Тестілеу алдындағы мінез-құлық.
- Нақты тестілеу кезіндегі мінез-құлық. Тестілеуге дайындық:
- Сабаққа арналған орынды дайындаңыз: үстелдегі артық заттарды жинап, қажет болатын оқулықтар, оқу құралдары, дәптер, қағаз, жазу құралдарын және т.б. ыңғайлы етіп қойып алыңыз.
- Бөлме интерьеріне сары және күлгін түстерін енгізіңіз, олар зияткерлік белсенділікті арттырады. Бұл үшін осы түстегі суреттер немесе эстампа-лар да жеткілікті.
- Сабақтың жоспарын жасаңыз, ең апдымен өзіңіздің «үкі» не «бозторғай» екеніңізді анықтап алыңыз, сосын осыған байланысты таңертеңгілік немесе кешкі сағаттарды барынша тиімді пайдаланыңыз. Күнелікті жоспар жасаған кезде бүгін нақты нені оқып-үйренетініңді анықтап алу қажет.
- Жай ғана «аздап айналысамын» демей, нақты қандай бөлім мен тақы-рып екенін білу керек.
- Ең қиын бөлімнен, өзің ең нашар білетін материалдан бастаңыз. Егер оны «қолға алу» қиын болса, өзіңізге неғұрлым қызықты әрі жағымды материалдан бастауға болады.
- Сабақ оқу мен демалуды кезектестіріп отыру керек. 40 минут - сабақ, содан соң 10 минут - үзіліс. Үзіліс кезінде ыдыс жууға, гүлге су құюға, жаттығу жасауға, душ қабылдауға болады.
- Осы пән бойынша барынша әр қилы тестерді орындаңыз. Жаттығулар сізді тест тапсырмаларының құрылымдарымен таныстырады.
- Қолыңызға секуномер ұстап жаттығыңыз, тесті орындау уақытын есептеп көріңіз.
- Емтиханға дайындалу барысында өз ойыңызда триумфтың суретін салы-ңыз. Тапсырманы орындай алмай қаламын деп ешқашан ойламаңыз.
ҰБТ қарсаңында.
Көпшілік: емтиханға толықтай дайындалу үшін бір-ақ түн (оның алдындағы) жетпей тұр деп санайды. Бұл дұрыс емес! Сіз шаршадыңыз, езіңізді зорықтыруға болмайды. Керісінше, кештен бастап серуендеңіз, ұйықтар алдында душ қабылдаңыз. Жақсылап ұйқыңызды қандырыңыз, күш жинаңыз. Емтихан тапсыратын жерге кешікпей келуге тиіс-сіз, ең дұрысы тестілеу басталардан 15-20 минут бұрын орында болу. Тестілеу басталар алдында. Тестілеудің алдында сізге қажетті ақпа-ратттар айтылады (бланкті қалай толтыратыны, қандай әріптермен жазу керектігі, мектеп немірін қалай кодтауды және т.б.). Мұқият болыңыз! Сіздің жауаптарыңыздың дұрыстығы осы ережелерді дұрыс есте сақтауыңызға байланысты болмақ. Тестілеу уақытында:
- Бүкіл тесті қандай мазмұндағы тапсырмалар бар екендігін көру үшін көзбен жылдам шолып шығыңыз.
- Сұрақты оның мағынасын дұрыс түсіну үшін соңына дейін мұқият оқы-ңыз.
- Егер сұрақтың жауабын білмесеңіз (немесе жауабыңыздың дұрысты-ғына сенімді болмасаңыз), тастап кетіңіз, бұл сұраққа кейін қайта орала-сыз. Оңайларынан бастаңыз! Өзіңіз күмәнсіз жауабын білетін сұрақтарға жауап беруден бастаңыз, ұзақ ойлануды қажет ететіндерге аялдамаңыз.
- Қиын немесе түсініксіз тапсырмаларды қалдырып кетуге үйреніңіз. Есі-ңізде болсын: тесте сіз жауап бере алатын сұрақтар әрқашан табы-лады.
- Ағымдағы тапсырма туралы ғана ойлаңыз. Жаңа тапсырманы орындаған кезде алдыңғысында болғанды ұмытыңыз. Есіңізде болсын:тестегі тапсырмалар бір-бірімен байланысты емес, сондықтан да біреуінде пайдаға асқан біліміңіз көмектеспейді, тек жаңа тапсырманы орындауда ойды жинақтап, дұрыс шешуін табуға кедергі келтіреді.
- Көп тапсырмаларды бірден дұрыс жауабын іздеместен, бірте-бірте дурью келмейтін жауаптарды алып тастау жолымен тез шешуге болады. Шығарып тастау әдісі соңында бар назарыңды 4-еуіне емес, 1-2 нұсқаға ғана бағыттауға мүмкіндік береді.
- Өз жұмысыңды тексеріп, тез көз жүгіртіп өтіп, қателерін жөндеп үлгеру үшін уақыт қалдырыңыз. Егер таңдаған жауабыңызға сенімсіз болсаңыз, түйсікке жүгініңіз!