Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі біздің мектепте де өзінің жалғасын тапты. Шығыс халықтарының жаңа жылы саналатын жыл басы наурыз мерекесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, өз құндылығы мен маңызын жойған емес. Самарқанның көктасы еріп, Жер-Ананың тас емшегі иіген күн, күн мен түннің теңескен күні жер беті жайнап,
мал төлдеп, құстар шулап табиғат жасаратын осынау кезең адамзат баласын бей – жай қалдырған емес. Осынау мереке
қарсаңында біздің мектеп оқушылары қазақи салт-санамызды, әдеп-ғұрпымызды жаңғырту мақсатында әр сынып адам баласының дүниеге келгенінен бастап жүргізілетін рәсімдерін көрсетіп, түрлі қойылымдар көрсетті. Наурыз мерекесін
тамашалауға келген ата-аналармен, мектеп қонақтарының көңілінен шықты. Мерекелік іс шарада ұлттық тағамдар дайындалып, әндер орындалды. Кеш соңында жиналғандар жақсы көңіл күймен тарқасты.