Текст
Жас жүректің өмірлік құштары –гүл,
Бағбан - ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр – деп ақын ағаларымыз жырлап кеткендей, осынау бір сырлы өлең
жолдарымен бүгін 25 мамыр күні №8 мектебінде «Қош бол, алтын ұя мектебім!» жылдағы үрдіспен салтанатты мерекесі аталып өтті. Жиынға Мектеп директоры Кашкимбаева Кенжеғали Нұркейұлы мектеп бітіруші түлектерді, ұстаздар қауымын және жиналған жұртшылықты соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап түлектерге сәт сапар тіледі. Сонымен қатар оқу үздіктері мен оқу екпінділеріне мақтау қағаздары табыс етілді.