Теннис ойыны бойынша «Аула клубында » өткізілген апталық ойындар есебі
19.06.2017-23.06.2017 жыл күндері аралығында теннис ойыны бойынша «Аула клубында » ойындар өткізілді. Бұл ойынға 5-9 сынып оқушыларынан 15 оқушы қатысты. Ойындар сағат 16:00 – 20:00 аралығында өтіп тұрды. Алдын -ала оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, теннистің ойын ережелерімен таныстырып алып, топ құрып, ойындарды апта бойы жүргізіп отырдық.
Теннис ойынының мақсаты оқушылардың теннис спортына деген қызығушылығын арттыру, әр тақырып
бойынша берілген әдісті үйрету, теннис ойынын дамыту.
Сонымен қатар жазғы демалысты тиімді өткізу және оқушылардың бос уақытын дұрыс пайдалана
білу. Атап айтатын болсақ, өткізілген ойын түрлері: үстел теннисіне арналған жаттығулар, аяқ, қол
бұлшық еттерін дамыту мақсатында өткізілген жаттығулар , әр түрлі спорттық , жаттығулар жасау,
алдын – ала өткізген жаттығуларды қайталау, топқа бөліп жарыс түрінде ойындар өткізу. Оқушылардың тенниске деген қызығушылығын арттыру мақсатында апта соңында белсене қатысқан оқушылар марапатталып отырды. Қорытындылай келе, осындай ойындар нәтижесінде оқушылардың теннис ойынына деген қызығушылықтары арта түсті.
Интернат жанындағы №8 орта мектебінің «Аула клубында » өткізілген айлық ойындары
01.06.2017-30.06.2017 жыл күндері аралығында №8 қазақ орта мектебінің «Аула клубында » теннис, футбол, баскетбол, асық ату, шахмат, шашки ойындары апта- аптаға бөлініп өткізілді.
Бұл ойынға 5-9 сынып оқушыларынан 18 оқушы қатысып жүрді. Ойындар сағат 16:00 – 20:00 аралығында өтіп тұрды. Алдын -ала оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, теннистің ойын ережелерімен таныстырып алып, топ құрып , ойындарды апта бойы жүргізіп отырдым.
Ойындардың мақсаты оқушылардың әр түрлі спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру, әр
тақырып бойынша берілген әдісті үйрету, спорт ойынының түрлерін дамыту.
Сонымен қатар жазғы демалысты тиімді өткізу және оқушылардың бос уақытын дұрыс пайдалана
білу.
Атап айтатын болсақ, өткізілген ойын түрлері: спорттық ойын түрлеріне арналған жаттығулар, аяқ, қол бұлшық еттерін дамыту мақсатында өткізілген жаттығулар , әр түрлі спорттық , жаттығулар жасау, алдын – ала өткізген жаттығуларды қайталау, топқа бөліп жарыс түрінде ойындар өткізу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында апта соңында белсене қатысқан оқушылар марапатталып отырды.
Қорытындылай келе, осындай ойындар нәтижесінде оқушылардың спорт ойынына деген қызығушылықтары арта түсті.
Асық ату ойыны бойынша «Аула клубында » өткізілген апталық ойындар есебі
26.06.2017-30.06.2017 жыл күндері аралығында асық ату ойыны бойынша «Аула клубында » ойындар өткізілді.
Бұл ойынға 5-9 сынып оқушыларынан 15 оқушы қатысты. Ойындар сағат 16:00 – 20:00 аралығында өтіп
тұрды. Алдын -ала оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, асық ату ойын ережелерімен таныстырып алып, топ құрып , ойындарды апта бойы жүргізіп отырдық.
Асық ату ойынының мақсаты оқушылардың асық атуға деген қызығушылығын арттыру, әр тақырып бойынша берілген әдісті үйрету, асық ату ойынын дамыту. Сонымен қатар жазғы демалысты тиімді өткізу және оқушылардың бос уақытын дұрыс пайдалана білу.
Атап айтатын болсақ, өткізілген ойын түрлері: асық атуға арналған жаттығулар, көз мергендікті, қол
мергендікті дамыту мақсатында өткізілген жаттығулар , әр түрлі спорттық , жаттығулар жасау, алдын – ала өткізген жаттығуларды қайталау, топқа бөліп жарыс түрінде ойындар өткізу. Оқушылардың асық атуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында апта соңында белсене қатысқан оқушылар марапатталып отырды.
Қорытындылай келе, осындай ойындар нәтижесінде оқушылардың асық ату ойынына деген қызығушылықтары арта түсті.