Әлемді өзіне қаратқан Астана қаласындағы «ЭСПО -2017 Болашақ энергиясы» көрмесіне Атбасар қаласының №8 орта мектеп оқушыларыда барып тамашалап қайтты. Оқушылар көрмеге жақындаған сәттен бастап, көрменің сыртқы келбетіне қызыға қарап суретке түсулерін бастап кетті, ішке жеткенше тағаттары таусылған оқушылар ішіндегі көрменің кереметін көріп, ұзаққа қалғысы келді.
Оқушылармен біз өзіміздің бағытымызды европалық павилиондардан бастадық, әр елдің өз салт-дәстүрінімен
көркемделген павилион залдары оқушылардың көңілінде үлкен әсер қалдырды, әр елге кірген сәттен ақ олардағы энергияның даму мақсатын көрсететін экранда презинтациялар көрсетілген, келесі залына өтсек түрлі энергиялық әсері бар көрме. Елдердің бірі энергияны желден алса, бірі құмнан, бірі судан, жасыл энергия деген сияқты көптеген энергия көздері көрсетілен. Оқушылар басқа ұлттықтармен ағылшын тілінде сөйлесіп, танысып суретке түсіп жатты.
Әр елдің көрме базарынан естелікке өздеріне силықтар алып жатты. Көрменің ішкі жағында ғана емес сыртында да мәдени іс – шаралар жүріп жатты. Жалпы көрменің оқушыларға қалдырған үлкен әсер де көп,
жаңадан біліп, көргендеріде көп қатты ұнады. Қазақ елінде мынандай үлкен көрме өтіп жатқаны біз үшін үлкен мәртебе.
тәлімгер Дахай Б