Мектебімізде қыркүйек айының он бесінде тілдер апталығына байланысты бастауыш сынып оқушылары арасында «Туған тілім - тірлігімнің айғағы» атты мәнерлеп оқу сайысы жүрілді.
Сайыс мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Сайысқа 2-4 сынып оқушылары қатысып, ұлтқа , тілге байланысты өлең шумақтарын үш тілділікке байланыстыра отырып , қазақ, орыс , ағылшын тілдерінде мәнерлеп оқыды. Сайыс нәтижесінде : Тилеген Алтынай жетекшілік ететін 3 «Ә» сынып оқушысы Бекасыл Иффатбанугуль 1-орын, Абдрахманова Айнур жетекшілік ететін 3«А»сынып оқушысы Асылбек Несібелі 2-орын , Кемерова Умит жетекшілік ететін 2 «А»сынып оқушысы
Мұрат Мадияр 3-орын иеленді. Басқа қатысушылар белсенді қатысқандығы үшін марапатталды. Сайыс қатысушылар және көрермен көңілінен шықты.