Мектебіміздің Тилеген Алтынай жетекшілік ететін 3 «Ә» сыныбында қазан айының жиырма бірінде «Алтын күз » мерекесіне орай сынып оқушылары арасында «Күз аруы» атты сайысы жүріліп өтті.
Сайысқа сыныптағы қыз оқушылар қатысып , бақ сынасты. Сайыс төмендегідей кезеңдермен өтті:
1- кезең: Менің ата - тегім. (Өзін - өзі таныстыру.)
2- кезең: Кім ойға жүйрік? (Жұмбақ шешу)
3- кезең: Дәрумендер денсаулық
сақтаушысы.(Күзгі байлықтардан жарнама)
4 кезең: - « Шебер қолдар»(Ата - аналармен бірлесіп жасаған қол өнер жұмыстары)
5- кезең: «Өнерлі өрге жүзер» (Өз
өнерлерін көрсету)
6- кезең: «Әсем біздің арулар» (Сән үлгісін көрсету)
Әр кезең қызықты да көңілді болды,кезең арасында ұлдар да өлеңдер оқып , би билеп өз өнерлерін көрсетті.
Сайысқа қатысушылар өз өнерлерін ортаға салып, белсене қатысты. Төрешілер шешімімен Саят Ботакөз - «Күз аруы», Мухамедалиева Дарина - «Шебер ару», Бекасыл Иффатбанугуль - «Өнерлі ару», Дауылбай Медина - «Әнші ару», Дюсембекова Айжан - «Биші ару», Майданова Даяна - «Ақылды ару» номинациясы бойынша марапатталды. Сайыс қатысушылар және көрермен көңілінен шықты. Ата-аналар да өз ризашылықтарын білдірді.