"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №8 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Болашаққа қадамды бастауыштан бастайық!

21.11.2017

                      Болашаққа қадамды бастауыштан бастайық!

Ашылуы.  2 « А » сынып оқушыларының  орындауындағы    би. 

1- Жүргізуші 

-Уа, халайық, халайық, 

Бәріңе жар салайық. 

Бүгінгі кеш төрінде 

Дарындылар елінде 

Тапқыштардың тілінде, 

Есеп шешіп, жарысып 

Жұмбақ шешіп аңдысып 


Шабыт тасып шалқысып, 

Есеппенен ән салысып. 

Көңілді кеш жасайық 

Жұмбақ шерді шашайық 

Ат салысып аянбай 

Бар өнерге басайық 


2-жүргізуші 

Асып әсте саспайық 

Батыл қадам бастайық 

Еркіңді билеп барынша 

Жарыста сірә, қалыспа 

Кеш қызығын ей, достар. 

Осылайша шабытпен 

Кәне енді бастайық.

 

1-жүргізуші 

Мұнда қызық табылар 

Жаңылтпаш, жұмбақ бәрі бар. 

Айтыс, тартыс тағы бар 

Сөз жұмбақ та, сан жұмбақ. 

Суретті жұмбақ, шеш жұмбақ. 

О-о-ой, бір қызық кеш болар, 

Өздеріңмен бес болар. 

Ән:        Күзгі

әуен                                               

2-жүргізуші. 

Барлықтарыңызды  бастауыш сыныптардың  пән апталығының ашылуымен құттықтаймыз! Апталықта бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік! 

1-жүргізуші: Бүгінгі кешке барлық  пәндердің  ішіндегі  ана тіліміз бен  және негізгі  пәндерді  ортаға  ду қол шапалақпен қарсы алып,шақырайық!

ПӘН БОЛЫП КИІНГЕН 2 ОҚУШЫ ШЫҒЫП, ТАҚПАҚТАР ОҚИДЫ. 

Ортаға : Қазақ тілі,

Математика, Әдебиеттік оқу пәндері шығады. Олар өздерінің тілектерін білдірді, оқушыларға  өз тарапынан тапсырмалар беріп, оларға белсене қатысуларына  тілектес екендерін және де жеңімпаз атануларына сенетіндерін  айта өтті.

 Негізгі пәндердің құрметіне арнап 2 сыныптың оқушылары өлең жолдарын арнады.

Келесі 3 «А» сыныбының орындауында  ән :  «Жоқ,жоқ»

Келесі балаларға арналған  тапсырмалар

 

Математика пәнінен кейін  балаларға сұрақ-жауап:

 

1.Ең кіші натурал сан? (1)   

2. Кішкене ғана саусаққа ұқсайды ма білмеймін. Сақтай алар өзіне барлық қызық дүниені. (Флэшка) 

3. Бір шоколадты 100теңгеге сатып алып, ал 1,5 шоколадты неше теңгеге аламыз? (200 т) 

4. Сәуленің 2қуыршағы, 3алмасы,1шоколады,2апельсині,5шабдалысы және 1 велосипеді бар. Сәуленің қанша жемісі бар? (10), 

5. Адам мен монитор арасындағы қашықтық қанша болу қажет? (Ж: 50-70 см) 

6. Бірнеше үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында, екеуі артында, біреуі артында,біреуі екіншісінің арасында және үшеуі қатар. Қанша үйрек ұшып келе жатыр? (3 үйрек) 

7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80  минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең) 

8. 17 жай сан ба, құрама сан ба? (жай сан) 

9. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? ( 4 рет) 

10. Ең қысқа ай?

11.Мектеп сөзінің аудармасы?

   

Мықты болсаң-алдағыны басып оз,

Мықты болсаң- арттағыны жеткізбе.

Мықты болсаң- тайғанама көк мұзда

Мықты болсаң-бөгеттерді бұзып өт

Мықты болсаң- заманыңды көктеп өт- дей отырып, мықтыларға бастауыш сыныптардың пән апталығына белсене қатысып, жеңістерге жетулеріне шын жүректерден тілектеспіз!  Ал мұғалімдерге табыс тілейміз!

Музыкалық номер:  2 «А» сынып оқушыларының орындауында  Би 2-жүргізуші: Осымен «Болашаққа қадамды бастауыштан бастайық!» атты кешімізді аяқтауға рұхсат етіңіздер. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

Просмотров: 457


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст