Текст
«Рухани жаңғыру» жобасы аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне орай №8 орта мектебінің кітапханасында «Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы» атты көрме ұйымдастырылды. Кітапханашы Кабатова А.И. 6 сынып оқушыларына көрмеге шолу жасады. Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Соңында,Алия Ибрагимовна балаларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесімен құттықтап, оларға осы еліміздің болашағы, патриоттары екендерін айтып, зор денсаулық, бақытты балалық шақ тіледі.