Текст
Қыркүйек айының 12-і күні 8 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдері 9-10 сынып оқушылары арасында «Тіл тазалығы» атты дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты «Ұлтшыл емес,ұлттық сана-сезімі мол,ана тілін құрметтейтін жастар тәрбиелеу»,тіліміздің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, патриоттық сезімін ояту. Ана тілінің бүге-шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу - саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы.Сондықтанда оқушылар өз ойларын ортаға салып,үлкен қызығушылық танытты.