Текст
Мамыр айының 30-ыншы жұлдызында, 11-сынып оқушылары- қазақ тілі бойынша мемлекеттік емтихан тапсырды. Емтихан жұмыстары салынған хатқалта, сағат 09:45-те мектеп директоры-Смагулова Р Н, білім бөлімінің әдіскері-Көпеева К.С, ата-аналар комитетінің төрайымы-Наукеева С.М-ның қатысуымен ашылды. Олар оқушыларымыздың кезекті емтиханды нәтижелі тапсыруларына игі тілектерін айтты. Емтихан жұмыстары екі бөлімнен тұрды. "А" бөлімінде- сұрақтармен жұмыс жасаса, "В" бөлімінде жазба жұмысын орындады. Сыныпта барлығы-16 оқушы бар. Емтиханға сынып оқушылары толық қатынасты.
Емтихан алушы мұғалім-Қазымбек И.Қ.
Ассистенттер: Токтыбаева Г.Р. және Алпысова Г.К.
Емтихан сағат 10:00-де басталып, 13:00-де аяқталды.