"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының №8 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа №8 города Атбасар отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектеп жанындағы интернатымен №8ОМ»КММ 2019-2020 оқу жылының 1 қыркүйек күніне арналған «Білім күні» салтанатты жиын өтті

01.09.2019

«Мектеп жанындағы интернатымен №8ОМ»КММ

2019-2020 оқу жылының 1 қыркүйек күніне  арналған

«Білім күні» салтанатты жиын өтті

 

«Мектеп жанындағы интернатымен №8ОМ»КММ  2019-2020 оқу жылының

 1 қыркүйек күніне  арналған   «Білім күні» салтанатты жиын өтті.

Салтанатты жиынға 1- 11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар алғашқы  қоңырау күні, ұстаздар және мектеп жайлы тақпақтар мен өлеңдерді айтты. Үлкен патриоттық сезіммен мектеп оқушылары жиынға жақсы ат салысты. «Білім күні» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегін мектеп директоры Смагулова Р.Н. алды. Салтанатты жиында Атбасар ауданының  қаласының әкімінің орынбасары Бекбаев Абай Болатұлы, Атбасар ауданының білім бөлімінің әдіскері Копеева Кульпан Сейфополлақызы, педагогикалық еңбек ардагері Тогаева  Кульжамила Кенжебекқызы қатысты. Бекбаев А.Б. барлық оқушыларды, ұстаздарды, ата-аналарды алғашқы  қоңырау мерекесімен  құттықтады. 1 сыныптар түлектерге, мұғалімдерге,қоңақтарға  жақсы тілек білдіріп , музыкалық сәлемін жолдады. 8 «А» сынып оқушылары  Кадырбекова Дильназ, Дюсембаева Нияра, Нурханова Айдана  «Оймақтар»атты би биледі.Келесі сөз кезегін  ата-аналар атынан Баянов Ануардың әжесі Асанбаева Зейнель  апай балаларға сәт сапар, ақ жол тіледі. Алғашқы қоңырауды  11 сынып  оқушысы, мектеп мақтанышы  Сушанло Фархад пен 1 «Ә» сынып оқушысы Бекасыл Адияға берілді.   11 сынып оқушылары  мектеп түлектері  1 сынып бүлдіршіндерді  алғашқы сынып сағатына шығарып салды.«Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» атты алғашқы  сынып сағатына барлық сыныптар шақырылды. Сонымен шашу шашып алғашқы  қоңырау мерекесі жабық деп жарияланды.

 

 

 

 

Просмотров: 580


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст