«Мектеп жанындағы интернатымен №8 орта мектебі» КММ-де 2019-дың 15 мамырында жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде: 1. Мектеп оқушыларын тәрбиелеу негізі ретінде «Рухани жаңғыру»бағдарламаны іске асыру.
2.Жазғы демалыста балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі.
3. Ата-аналардың орта білім беру ұйымдарының қоғамдық өміріне қатысуы (әкелер клубы, қариялар кеңесі және т.б)
4. Отбасымен мектептің өзара іс-қимылын күшейту және мектептердің қамқоршылық кеңестерінің қызметі.
5. 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау. Оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы.
6. Жазғы демалыс уақытындағы балалардың қауіпсіздігі сұрақтары қарастырылады.
Жиналысқа «Атбасар ауданының білім бөлімі» ММ-нің әдіскерлері, ювеналдық полиция тобы Смогулов Жасұлан Болатұлы, Рахимжанов Бахтияр Талгатович, Кабакова Айым Ерболатовна, Атбасар ауданы мәсіліхатының депутаты С.Ақсейітова қатысты.