"Алтын күн" алаңқайы өз жұмысын жалғастыруда.
Жоспар бойынша,демалушылармен астанамыз" Нұр-сұлтан "қаласының мерей тойы қарсаңында " Бейбітшілік пен жақсылық қаласы" тақырыбында туристік квест ойыны ойнатылды .
Бас қаламыздың көрнекті жерлеріне саяхаттадық. Сонымен қатар, "Шебер қолдар-әсемдік әлемінде" атты фотоколлаж жасады. Қимылды да қызықты ойындар ойнап , бүгінгі күнді көтеріңкі көңіл күй мен өткіздік.
8 жалпы орта білім беретін мектебінде "Жазғы алаңқай" өз жұмысын жоспар бойынша жалғастыруда. Бұл күнгі жоспарымызда елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланған туралы айтылды.
Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым ғой! Күні кешеге дейін әр үйдің төрінде ілулі тұратын ұлттық аспабымыздың күмбірлеген үні бүгінде алыстап бара жатқандай еді. Телеарналардан домбыраның дауысын есту мұңға айналғаны былай тұрсын (оның орнын салмақсыз бағдарламалардың жаулап алғаны шындық), шілдехана, бесік тойы, тұсаукесер, тілашар, беташарларымыз даңғырлаған эстарада әуеніне байланбады ма? Домбырамен әуелете шырқалып, тиесілі сыйлық иесін табатын «Тойбастар» дәстүрінің түр-сипаты мүлде өзгергеніне бәріміз куәміз.
Осы орайда демалушыларға мәлімет беріліп, " Нағыз қазақ -қазақ емес, нағыз қазақ-домбыра " тақырыбында дөңгелек үстел болды. Балалар өз өнерін ортаға салды. Көңілді әр түрлі ойындар ойналып, балалар көңілді күнді өткізді. "Мен дәрігер боламын" , "Кім жылдам"- ойыны т.б.
Тәрбиешілер: Абдрахманов А.С.
Тилеген А.