Бүгінгі IT үйірме сабағында біз графикалық редактордағы фигуралармен жұмыс істеуді үйрендік. Тәжірбиелік дағдыны қалыптастыру үшін үлгі ретінде сертификатты құрастырдық.
Нысанды интернеттен қостық, және оның сыртқы түрін өзгерту (қию, бұру, өлшемін өзгерту) үйрендік.
Үйірмедегі оқытудың мақсаты білім алушыларда заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ақпараттармен тиімді жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Оқу бағдарламасы компьютердің жұмыс істеу қағидаларын түсінуді, объектілер мен жүйелерді талдау қабілеттерін, алгоритмдер әзірлеу және бағдарламалауды, шешімдер мен программалық қосымшаларды модельдеу және жобалауды, сондай-ақ түпкілікті өнімді бағалауды білім алушылардың бойында қалыптастыруды көздейді.